Сайт жұмысы тоқтамайды
Ауданның төл басылымы «Тіршілік тынысы» газетінің электронды сайты 2016 жылдан бастап жұмыс жасауда. оқырманның сұранысына сай қалыптасқан басылымның сайтында «негізгі жаңалықтар», «саясат», «қоғам», «тарих», «экономика», «оқиға», «әлем», «мәдениет», «бейнебаян», «фотобаян», «спорт», «хабарландыру» айдарлар қамтылған. Күнделікті мазмұнды ақпараттармен жаңартылып отыратын «Тіршілік тынысы» газетінің сайты арқылы бүгінге дейін оқырманға 15 мыңнан астам ақпарат ұсынылды.

Бір аптада 8 мыңға жуық оқырманға сапалы ақпарат ұсынатын «Тіршілік тынысы» газетінің сайтында басылымның беделін көтеру мақсатында зиялы қауым өкілдерінің оң пікірі жарияланып келеді. Айта кету керек, электронды сайттың қызметі жоғарғы көрсеткішпен сараланады. Сондықтан «facebook», «whatsapp», «вконтакте», «e.mail.ru», «одноклассники», «telegram» әлеуметтік желісі арқылы оқырман тарту бір жолға қойылған.
Бүгінде электронды сайт арқылы «Баспасөз – 2021» науқаны белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бұл ретте басылым қызметкерлері күн сайын баспасөзге жаздыруға атсалысқан жандарға алғыс айтып қана қоймай, әлеуметтік желі белсенділерін мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлерге жазып беруге шақыру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Әлем бойынша адамдардың 90 пайызы ғаламторды қолданатыны белгілі. Ең алдымен, әлеуметтік желіде отыратын оқырман үшін журналистиканың жаңа бағыты – СММ бағыты бойынша басылым қызметкерлері мол тәжірибе жинақтаған. Осы күні «фейсбук» әлеуметтік желісінде мыңнан аса оқырманы бар «Тіршілік тынысы» ресми парақшасы идеологиялық тұрғыдан маңызды рөлге ие болып отыр.
Алдағы уақытта тың жобаларға иек артатын басылым қызметкерлері сайт жұмысын жандандыра бермек. Бүгінгі журналистиканың өрісін кеңейте отырып, бәсекеге қабілетті болу – әрбір тілшінің міндеті. Адамзат өмірінде бастауын үнпарақтан бастаған журналистикадағы интернет ресурсы 80 жылдан аса тарихы бар басылымның мызғымас бір бөлшегі саналады.
Балтабай ОРДАБЕКОВ