Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Онлайн оқырман көбейді

Онлайн оқырман көбейді

Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің сайтындаоқырманға жедел ақпарат пен танымдық мақалалар күнделікті жариялануда. Күн санап сайтымыздың оқырман саны артып келеді. Соңғы 1 жылда 431 мыңнан аса қаралым жинаған tirshilik-tynysy.kz сайтының тілшілері елімізбен қатар әлем жаңалықтарын оқырман назарына ұсынуда.
Елдегі ахуалдың өршуіне байланысты шығар­машылық топ мүшелері қашықтан жұмыс істеуге көшті. Көзі қарақты оқырманға күн сайын«Жа­ңалықтар», «Әлем», «Қоғам», «Оқиға», «Экономика», «Тарих», «Мәдениет», «Спорт», «Фотобаян», «Бейнебаян» және «Хабарландыру» айдарлары бо­йынша жедел ақпарат таратылуда.
Шығармашылық топ мүшелері Facebook, Instag­ram, Telegram, Twitter, Вконтакте әлеуметтік желіле­ріндегі жеке парақшараларын жүргізіп, сайт мақала­ларын оқырманға ұсынуда.  Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісінде «Тіршілік тынысы» газетінің ресми ашық парақшасы журналистиканың жаңа бағыты SMM бойынша оқырмандарға қызмет етеді.
Айта кету керек, жыл көлемінде Ресей, АҚШ, Канада, Бразилия, Қытай, Франция, Нигерия, Финляндия, Литва, Украина, Түркия, Индонезия секілді тағы басқа әлем елдерінен tirshilik-tynysy.kz сайтына қызығушылық танытатындар көбейген.
18 сәуір 2020 ж. 617 0