Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕРЕЙТОЙ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

МЕРЕЙТОЙ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Биыл Сырдария ауданының айнасы болған "Тіршілік тынысы" газетіне 80 жыл толып отыр. Осы аралықта аудан басылымы өңірдің тыныс-тіршілігін үзбей ақпараттандырып, оқырманға қоғамдық-саяси, рухани танымдық дүниелерді ұсынып келеді. 
Айтулы мерейтойға орай редакция ұжымы түрлі іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Жақында редакция ұжымы және ардагерлерінің қатысуымен кент клубында тұрғындармен кездесу өтсе, бүгін аудан оқушылары "Тіршілік тынысы" газетінің тарихымен, ондағы жұмыс барысымен танысты. Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Әбілдаев, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.
Алдымен, шараға жиналғандар аудан орталығындағы "Еңбек даңқы" музейіне барды. Мұнда музей қызметкерлері газет тарихына қатысты арнайы бөлім әзірлеп, оны таныстырды. Яғни, газеттің құрылуынан бастап оны басқарған редакторлар туралы мәліметтер айтты. Сондай-ақ, осы жылдарда жеткен жетістіктерін тізбектеп берді. Келесі кезекте оқушылар аудандық газеттің редакциясы ғимаратын аралап көрді. Мұнда олар қызығы мен қиындығы мол газеттің беттелуімен, оған дайындалатын материалдармен танысты. Сонымен бірге, күнделікті жүргізіліп отырған газеттің сайт жұмысын да көрді. 
Шараның жалғасы аудандық орталықтандырылған кітапханадағы "Коворкинг" орталығында өрбіді. Кітапханада аудан басылымы жайында көрме ұйымдастырылған. Сол көрмені тамашалағаннан кейін редакция қаламгерлері мен оқушылар арасында еркін пікір алмасу болды. Оқушылар газет жұмысына қатысты сұрақтар қойып, жауап алды. Қаламгерлер қазіргі ақпарат жүйесіндегі жаңалықтарды айтты. Жалпы, іс-шара барысында оқушылар аудан басылымының жұмысымен толық 
29 мамыр 2019 ж. 1 057 0