Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымын құттықтады

Аудан басшысы «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымын құттықтады

Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымын құттықтады.

Карантиндік талаптарға сәйкес аудан басшысы тек бас редакторды ғана қабылдады. Мерекелік қабылдауда аудан әкімі аудандық газеттің өткені мен бүгіні жөнінде сөз қозғап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жария етуде басылымның алатын орны айрықша екенін айтты.

– Сізді және сіз арқылы барша ұжымыңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Жергілікті «Тіршілік тынысы»  газеті ауданымыздың рухани шамшырағы, жаңалықтардың жаршысы. Аудан көлемінде болып жатқан көпшілік-мерекелік шаралар мен  игілікті істердің газет бетінде уақытылы әрі сапалы жарық көруі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Ауданымыздың тілшілер қауымы  қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Сіздер арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алуда. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайықты, – деп атап өтті аудан әкімі.

Аудан басшысы сонымен бірге аудандық газеттің әр нөмірін үзбей оқитынын, басылымның соңғы уақытта жетістіктерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Шығармашылық ұжымға ізденістер мен сәттіліктер тіледі.

Өз кезегінде аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы аудан әкіміне алғыс айтып, мерекеде құрмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
 
26 маусым 2020 ж. 1 601 1

Mandy от 9 маусым 2025 11:21
Incredible many of very good information. casino en ligne Seriously quite a lot of terrific data. casino en ligne Thank you! Useful stuff. casino en ligne fiable Fine data Thanks a lot. casino en ligne fiable Regards. Valuable information! casino en ligne francais With thanks! A good amount of facts! meilleur casino en ligne Wow tons of great info. meilleur casino en ligne With thanks! Useful information. casino en ligne You suggested this exceptionally well! casino en ligne francais Thank you, Lots of posts! casino en ligne