Қауіп сейілген жоқ
Әлем елдерінде екінші толқыны басталып кеткен коронавирус індеті біздің елімізде де күннен-күнге белең алуда. Мұның барлығы жақындарымыз бен өз денсаулығымызға салғырт қарағанымыздың салдары.
«Сақтансаң – сақтармын» деген тәмсілді естен шығармай, барынша карантиндік талаптарға бағынғанымыз жөн. Бетперде тағып, арақашықтық сақтау қиындық туғызбайды. Екінші толқын қашан басталады деп күтіп отырудың да қажеті жоқ.
Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, халықтың 20-25 пайызы коронавирус инфекциясымен ауырған. Ал, қалғандарының денсаулығын сақтау үшін мамандар тынбай жұмыс жасауда. Бұл дегеніміз өзімізбен қатар өзгенің денсаулығы үшін де жауапты екенімізді еске түсіреді. Қазіргі уақытта маусымдық жұқпалы аурулардың өршитінін ескерсек, қауіптің еселенуі күшейеді деген сөз. Сол себепті де барынша қамданып, өз денсаулығымызды күткеніміз абзал. Жақынымызға жанашыр болайық.
Ақмарал ӘБІШЕВА,
аудандық аурухананың амбулаториялық-медициналық оңалту және қалпына келтіру емі бөлімшесінің
аға мейірбикесі