Балаларға көңіл бөлген абзал

Күнделікті балғындардың әр сұрағына нақты жауап беріп, үрейден бойын алыс ұстаңыз. Өйткені, олар өте сезімтал болып келеді. Айналаға түрлі көзқараспен қарайды. Ата-ана ұл-қызымен сөйлесу үшін ыңғайлы уақыт табу керек. Елдегі орын алып жатқан ахуал жайында жіті түсіндіруіміз қажет. Бетперде тағуды, қолдарын жиі жуып жүруді дағдыға айналдыру керектігін айту парызымыз.
Мемлекеттің баға жетпес қазынасы – адам үшін күн-түн демей індетпен күресіп жатқан ел азаматтарының амандығын тілеуді балаларымызға үйретейік. Шындығында сабырлық танытып, ұрпағымыздың денсаулығына бей-жай қарамайық. Тек шыдамдылық танытып, үйде болайық. Көңіл-күйімізді бақылауда ұстап, кеселмен күресейік. Күйзеліске түсу балаларға қатты әсер ететіндігін ұмытпайық.
Гүлсара Батишева,
№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп- лицей педагог-психологы