Есірткісіз өмір ғажайып
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынын жарияланған байқауға

Бір рет қана татып көрудің соңы есірткі заттарына тәуелділік тудырып, ішкі ағзалардың жұмысын тоқтатуға әкеледі, мінез- құлық өзгеріп, түптеп келгенде бейшара халге түсіреді. Есірткінің зияны, адам өміріне төндірер қаупі үнемі айтылып жүрсе де, оны тұтынушылар, басқалай айтқанда, өз өміріне балта шабушылыр саны азаймай тұр. Есірткі мен достық жақсы емес екені бізге аян, себебі, көгілдір экраннан көріп, ата-ана ақылын тыңдап жүрміз, мектеп мұғалімдері тәрбие жұмыстарын жүргізуді бір сәтке де доғарған емес.
Бүкіл ғаламның назарын аудартқан бұл кеселмен күресу оңай емес. Есірткіге әуес болып, құрдымға кеткен талай ғұмырды қайта қалпына келтіре алмауымыз мүмкін, алайда өскелең ұрпақтың ойын жақсы әдеттерге, салауатты өмір салтына бұрып, дені сау әлем, сау халық бола аламыз. Жастар-елдің болашағы, бар сенім бізге, жастарға артылады. Жастар есірткіге емес,білімге құмар болғанда ғана ел өседі, Қазақстан көркейеді. Есірткі ғажап емес, есірткісіз өмір ғажап. Ал есірткі-ессіздік.
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына
ӘБИБОЛЛАҚЫЗЫ Жансая
Сырдария ауданы, №131 орта мектебі
Сырдария ауданы, №131 орта мектебі