Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

«Дені саудың жаны сау» демекші, адамның дамып жетілуі, еңбек етуі, өмірден ләззәт алу үшін ең әуелі денсаулық керек. Алайда, адамдар өзінде бар ең құнды байлықтың қадірін білмей, денсаулығында ,өмірін де астан-кестең етіп жатқандығынан бейхабар.

Адамның өмірін құртушылардың бірі-есірткілер. Аты айтып тұрғандай, бұл зиянды заттар адамды есіртіп, оны ақыл-естен, тәннің де, жанның да саулығынан айырады. Есірткіге тәуелді жандар, езіліп елмен араласудан қалады. Ондайлардан қоғам да, табиғат та, жиренеді. Ауаны түтіндетіп,зиянды қалдықтармен жер-көкті ластайтын бұл аурудың әсері ауру былай тұрсын айықпас дертке шалдықтырады.

Есірткі- ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресіп жатыр.Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді.

Олай болса достар, денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептеймін. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жасұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан
келеді.

Сырдария ауданы
 №135    А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектеп
9-сынып оқушысы РҮСТЕМБЕКОВА Алтынай  
11 қараша 2020 ж. 1 037 0