Есірткісіз өмір қандай керемет
Есірткі 21 ғасырдың үлкен дертіне айналды. Өз елімізде де, өзге елде де есірткі пайдаланатын жастардың саны азаяр емес. Қоғам дертіне айналған бұл аурудан көптеген адамдар жапа шегіп, өз өмірлеріне өздері балта шауып, қыршын қиылып жатқандар да аз емес. Жастарды көбіне бұл шырмауға отбасы қиыншылықтары, өмірге жақсы көзбен қарамай, «осы жолға түссем бақытты боламын» деген ой итермелеуде. Жасөспірім шақтағы балалар нені таңдарын білмей, осы нәрсе оның өміріне керектей шырмауына түсіп, осы дертке бой алдырады. Отбасында да ата-ана өз баласының тәртібін жіті қадағалап, осындай азапты жолдан аулақ ұстауға, араласатын ортасына үлкен мән беруге тиіс. Бұл дертпен күресу бір ғана адамға емес, баршаға ортақ іс. Қоғамға қара тамырымен байланған бұл шырмауға барлығымыз «Жол жоқ!» деп қарсы тұруымыз керек. Кез-келген болашағына сеніммен қарайтын жастар жаман нәрседен жиреніп, салауатты өмір салтын ұстанып, есірткіден аулақ болып, өз еліне бір кірпіш болып қалануы керек. Өмір есірткісіз-ақ тамаша!
Өзгерді адамзаттың пыйғылы да.
Түзу жолмен жүргендер жолдан тайып,
Жаман жолдың ілінді шырмауына.
Қоршап тұрар жарқын күннің нұры кеп.
Сол өмірді қадірлемей жастарым,
Өмірлерің өтпесінші құр желек.
Қыз-жігітті наша шегіп жүр дейді.
ХҮІІІ ғасырда жойылмаған бұл дерттің,
Қай уақытта жойыларын кім білді.
Жұмылайық жұдырыққа бәріміз.
Қоғам дерті болған мына бәлені,
Құртайықшы бұл әлемнен бәріміз!
Аймереке Оразалиева,
№131 Талғат Қозыбаев
атындағы орта мектептің
9-сынып оқушысы