Өмірін білім берумен өрнектеген
«Ажары көркем жанның мінезі де сұлу келеді» демекші, бұл жылы лебізді ардақты ана, аяулы жар, ардагер-ұстаз Гүлсім Қожахметоваға арнауды жөн көрдім.
Ә, дегеннен-ақ сөзінен жылылық пен мейірімділік есіп тұрған ананың өмір бойы жасаған жұмысы мұғалімдік екенін айтпаса да түсінгендейсің. Бір көргеннен-ақ Гүлсім апайдың мінезге бай, жаратылысы да жанға жайлы екенін аңғардым. Айтса айтқандай, өмір бойы №131 орта мектепте жас жеткіншектерге бастауыш сынып мұғалімі болып сабақ берген ардақты ұстаз бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Аудандағы қарашаңырақ №35 мектепті бітіріп, Қызылорда қаласындағы педагогикалық колледжде оқып, мамандық алған болашақ ұстаз алғашқы еңбек жолын №2 балабақшада бастайды. Оның алғашқы басшысы әрі үлгі алар тәлімгері сол кездегі балабақша меңгерушісі Ақжами Балабаева болғанын бүгінде жылы шыраймен еске алуы бекерден бекер емес.
Өмірдегі ұстазы әйел адамға болашақ ана ретінде қарап, білмегенін біртіндеп үйретіп, білікті маман атануына себепкер болғанын апай ризашылықпен айтқаны, көп адамға жақсы шарапаты тигені деп білген абзал.
Аудандағы білім саласында өзіндік қолтаңбасы бар Гүлсім апайдың мұнан арғы еңбек жолы «Узтоп» елді мекенінде жалғасады. Елді мекендегі аз комплектілі мектептің бастауыш сынып оқушыларына сабақ берген ұстаз бірнеше жыл сонда абыройлы еңбек етеді. Сонан соң 1975 жылы №131 орта мектепке ауысып, сонда зейнет демалысына шыққанға дейін шәкірт тәрбиелеп, қанаттандырады. Талай оқушының алғашқы ұстазы атанған ардагер ұстаздың абыройлы еңбегі шәкірттерінің мектепті «Алтын белгімен» аяқтауымен еленетіні белгілі. Міне, Гүлсім апай екі мәрте осындай құрметке бөленген жан. Ол шәкірттерінің жетістігі үшін берілетін елордаға саяхат жолдамасын екі рет алып, еліміздің бас қаласына саяхатқа барып келді.
– Ұстаздың абыройы – шәкіртінің жетістігімен өлшенеді. Мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршінге әріп танытып, оқу мен жазуды үйретіп, олардың білім алуына себепкер болатын ұстазға көрсетілетін лайықты құрметке бөлендім. Еңбегімнің жемісі ретінде есте қалатындай саяхатқа да бардым. Шүкір етемін. Қазіргі мына елдегі жағдайға байланысты әлем дүрлігіп жатыр. Бәріне де сабыр тілеймін. «Сабыр түбі – сары алтын» демекші, қиындықты өткінші деп қабылдап, оған төтеп беруге тиіспіз. Мемлекет басшысы ел-халықтың жағдайын, әлеуметтік қамсыздануына үлкен мән беруде, барлық жаңалықтарға құлақ түріп отырмыз. Әсіресе, аудандық басылымды үзбей жаздырып аламыз. Ауданның тыныс-тіршілігін жариялап отырған газеттің әрбір санын асыға күтетіндердің қатарындамыз, – дейді ардагер-ұстаз Г.Қожахметова.
Қазақы дәстүрімізге сай, жақсы ұлт болып ұйысу – жақсы ұстаздан. Оқушылардың білімді болып елдің азаматы ретінде қалыптасуына еңбегі сіңген ұстаздардың қатарындағы ардақты жан бүгінде өзінің Марат Бөдеев, Тимур Дәрібаев, Мүзаппар Махатов секілді шәкірттерін мақтан етеді. М.Бөдеев пен Т.Дәрібаев еліміздегі іргелі жоғарғы оқу орындарында оқытушылық қызметте болса, М.Махатов Нұр-Сұлтан қаласында әскери қызмет атқарады. Гүлсім апай бұл шәкірттерінің алғашқы ұстазы.
Гүлсім апай ұстаз ретінде құрметке бөленген жан болумен қатар өнегелі отбасының отанасы. Өмірлік серігі Сәкен Шерімов ағамен дүниеге бес перзент әкелді. Қарапайым жұмыс істеп, бүгінде бейнетінің зейнетіне жеткен Сәкен аға нағыз өз ісінің шебері.
Ерлі-зайыптылар қарт анасын бағып-қақты. Енесінің тәлім-тәрбиесін көріп, кісінің бетіне келмеу, қабақ шытпау, ерін сыйлау сияқты келінге тән қасиетті үйренуден жалықпаған Гүлсім апайға риза болған ақ жаулықты кейуана 80 жасында дүниеден өтті. Қазір өсіп-өнген қарашаңырақта Сәкен аға мен Гүлсім апа ұлдары Асқармен бірге тұрады. Балаларының барлығы жоғары білім алып, бір-бір мамандық иесі атанды.
«Өзіңіздің жолыңызды таңдаған перзенттеріңіз бар ма» деген сауалымызға апай: «Үлкен қызым Әлия – Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университетте оқытушы, кенже қызым Әсем – ағылшын тілінің маманы, қытай тілін меңгерген. Ортаншы қыз Нұр-Сұлтан қаласында тұрады, аудитор. Асқар мен Серік мұнай компаниясында қызмет атқарады» – дейді ардақты жан.
Бүгінгі жас мамандардың бет алысына, ізденімпаздығына, жан-жақтылығына риза болатын ардагер-ұстаз жылдам өзгерген қоғамның болашағына ие болатын адамдарға білім беру оңай еместігін тілге тиек етеді.
– Балалардың қабілетіне қайран қаласың. Әлеуметтік желіні шемішкідей шағады, оларды бір нәрсемен таңғалдырудың өзі қиын. Дегенмен «Білімді азаматтың – болашағы жарқын» деген қағиданы берік ұстанып, бір мезгіл баланы кітап оқуға машықтандыру қажет, – дейді ардагер-ұстаз.
Ардагер-ұстаздың бұл сөзінің жаны бар. Бала қабілетін ерте кезден байқауға машықтанған дағдысы болса керек, өзінің немересінің көркем сөз оқуға деген қабілетін аңғарған апай немерелерінің өлең оқуға деген ынтасына сүйіспеншілікпен қарайды. Айша есімді немересі Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебінде 1-сыныпта оқиды. Ол Абай оқуларына қатысып, бірінші орын иегері атанып, ата-әжесін қуантқаны көңілге қуаныш сыйлайды. Барлық перзентінің өмірден өз орындарын тауып, соның куәгері болып ұзақ жасауларына біз де тілектестігімізді білдіреміз.

Бибісара Жанәлі