Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қылмыстық құқық бұзу картасы» іске қосылды

«Қылмыстық құқық бұзу картасы» іске қосылды

Мемлекет басшысының Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» 32-ші қадамында «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру көзделген. Аталмыш картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелуі тиіс. Бұл қоғамға ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты бүгінгі таңда infopublik.pravstat.kz интернет-порталы жұмыс жасап тұр. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің геоақпараттық жүйесінде еліміздегі тіркелген қылмыстарды білуге болады. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы (қылмыстар картасы), кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы, жол апаты картасы, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштер картасы, кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскерлердің картасы және кәсіпкерлерді тексеру картасында (пилоттық тәртіп) мемлекетіміздегі орын алған құқық бұзушылықтар жөнінде ақпарат берілген. Бұл заң үстемдігін қамтамасыз ету тұрғысындағы атқарылып жатқан жұмыстар.


«ТТ»-ақпарат
30 қараша 2017 ж. 1 878 0