Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛЫП, ТАПСЫРМА БЕРДІ

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛЫП, ТАПСЫРМА БЕРДІ

Мәжіліс модераторы С.Сүлейменов қыс айында орын алуы мүмкін су тасқынына дайындық барысына, қыс маусымына дайындық мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, күзгі әскерге шақыру маусымын ұйымшылдықпен өткізу жайына тоқталды. Мәжілісте облыстық жерігілікті полиция қызметінің бастығы Б.Ибраев хабарлама жасап кейбір қылмыс түрлерінің кемігені жайлы айтты. Дегенмен мал ұрлығы, есірткі өсімдіктерін егу азаймай  отырғандығын жеткізді.  Хабарламашының айтуынша қылмыстың мұндай түрлерінің орын алуы полиция қызметкерлерінің жауапсыздығынан емес, керісінше қылмыстың кез келген түрімен қоғам болып күреспеуінен, құқық қорғау орындарымен бірлесе жұмыс жасамауынан, тұрғындар тарапынан қылмысты ашуға көмектеспеу салдарынан екенін айтты. Мысалы қандай да бір құқық бұзушылық әрекетті байқасымен дереу полицияға хабар берілмейді. Сондықтан қоғамда құқық бұзушылық  жиі бой көрсетуде.
Осы хабарламадан кейін аудандық ішкі істер бөлімінің  басшысы Е.Сағидоллаұлы, аудандық жергілікті полиция бастығы Б.Нұрланұлы қосымша хабарлама жасап, қылмысты болдырмау, алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндама жасады. Бір айта кетерлігі аудан бойынша 7 учаскелік полиция инспекторына қызметтік үй берілсе, қалғандарына жергілікті бюджеттен үйді жалдау үшін қаржы бөлінген. Бес ауылдық полиция инспекторына көлік жетіспейді, дегенмен барлық ауылдар тірек пункттерімен қамтылған. Ал есірткі бизнесі бойынша ауданда көп жұмыс атқарылуы керек деген бөлім басшысы тіркелген 49 мал ұрлығының 20 ашылғанын, 1 қылмыстық топ құрықталғанын жеткізді. Өкінішке орай бөлімнің 2 қызметкері парамен ұсталып, осы іс бойынша ашық сот бөлімде өткен. Бұл ашық сот бөлім қызметкерлеріне сабақ болуы тиіс. 
Облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов қылмыстың алдын алуда бейне бақылау камераларының айтарлықтай көп көмек екенін, сондықтан олардың санын көбейтіп, әсіресе, қылмыс көбірек орын алатын орындарды, көшелерді, анықтап, сол жерлерге камера орнату керектігін айтты.  Сондай-ақ барлық камераларды бақылап отыратын жүйе жұмысын ретке келтіріп, алынған ақпараттарды сақтайтын сервер керектігіне тоқталды.  Мысалы, облыс жұмысын Астана бақыласа, аудандарды облыс бақылап оты­­руы керек. Десе де учаскелік полиция инспекторларына, олардың жұмысына халықтың көңілі тола бермейтінін жеткізді. Сондықтан халық сенімін арттыру үшін аталған сала жұмысын ширату керектігін, қылмыстың көбі ішімдік ішу салдарынан болатындықтан дүкендерде  ішімдіктердің заңсыз сатылуын қадағалау керектігін, сонымен бірге облыс аумағынан өтетін «Батыс Еуропа, Батыс Қытай» автобанының бойында көлік апаты жиілеп кетуіне байланысты ауылдық округ әкімдері малға иелік етуі керектігін атап көрсетті.  Мысалы биылдың өзіңде 19 жол көлік оқиғасының 11-і халықаралық жолда болған.  Сол үшін малдарға жарықтандырғыш белбеулер тағу маңызды.  Аудан әкімі Ғ.Қазантаев учаскелік полиция инспекторларына қызметтік үй берілгендігін, үйі жоқтарға тұрғын үйді жалдау үшін қаржы бөлінгенін, аудандағы барлық білім ошақтарына, кент орталығындағы көшелерге бейне камералар орнатылғанын, бұл жұмыс жалғасын табатынын жеткізді.  Ал, халықаралық жол бойында әсіресе, Ақжарма, Шаған, Н.Ілиясов, Шіркейлі, елді-мекендерінің тұсында малдың жолға шығып кетіп, жол-көлік оқиғасына себепші болуы жиілеп кеткендіктен малдарға жарықтандырғыш белбеу алу үшін аудан бойынша да жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп отырғандығын айтты. 
Мұнан соң облыстық басқарма басшылары хабарлама жасап, қысқы жылу маусымына дайындық жайы талқыланды. Әсіресе, әлеуметтік нысандардың білім, денсаулық сақтау мекемелерінде қалыпты температураның сақталуы аса маңызды және ол ұдайы назарда болатыны айтылды. Синоптиктердің айтуынша биылғы қыс қатты, әрі ұзақ болады.  Сондықтан қатты отын халыққа тиімді бағада, жеткілікті мөлшерде жетуі тиіс.
Облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов халықты көмірмен толықтай қамтамасыз етуді жауапты кісілерге қатаң тапсырды.  Себебі көмір аймаққа делдалдар арқылы жеткізілетіндіктен оның бағасы да жоғары. Және халық қатты отынмен түгел қамтылмай отыр. Бірақ  Орталық Қазақстаннан көмірді тікелей әкелуге ықпал жасауға болатындығын жеткізді.  
Мәжіліс барысында аймақты электрмен қамту, ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту, төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау жұмыстары жайлы да айтылып, су басу қаупі бар аймақтардағы дайындық мәселесі де пысықталды.

С.СҰЛТАНҚЫЗЫ

20 қараша 2017 ж. 1 710 0