Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ



Елбасы: «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс, біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деді. Яғни бұл дегеніміз Елбасының мемлекеттік құрылымдардан сәйкесінше тиімді және нақты жұмыс күтетінін білдіреді.
Жаңадан қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексінде сыбайлас жемқорлық және пара алу, пара беру қылмыстары бо­йынша тағайындалатын жаза әлдеқайда қатаңдатылған. Бұл өзгерістер қоғамда сыбайластықтың жолын кесуге ықпал ететін факторлардың бірі болмақ.
Сонымен қатар, бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Біз, яғни мемлекетіміздің әрбір азаматы, сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесін шешуге өз үлесімізді қоса аламыз.
Сырдария аудандық сотында Елбасы алға қойып отырған осы міндеттерді жүзеге асыруда, судьялар мен сот қызметкерлері арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресте күштік құрылымдардың өзара тиімді жұмыстары ұдайы талқыға салынады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен ірітіп, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін індет.
Сондықтан біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіргенде ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

А.Абдулла,
Сырдария аудандық сотының төрағасы,
Заңгерлер Одағының мүшесі
24 қараша 2017 ж. 3 362 1

Гость JeaOrer от 22 ақпан 2019 03:32
Achat Cialis Serieux Provera Cheap Free Shipping Doxycycline 20mg viagra with dapoxetine reviews Cialis Fr Prix Propecia No Hacer Priligy 30 Mg Vademecum