Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кассалық аппараттың қызметі қандай?

Кассалық аппараттың қызметі қандай?

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәй­кес салық төлеу­шілердің ақшалай есеп айырысу кезінде онлайн бақылау-кассалық аппараттарын қолдануы – көлеңкелі экономиканың ал­дын алуға қызмет ететіні айқын. Аудан­да кәсіпкерлердің өз бизнесін жүр­гізу барысында кассалық-бақылау аппарат­тарын қолданудың мән-маңызы мен ерекшеліктері туралы аудандық Мем­лекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы А.Жүсіповпен сұхбаттасқан едік.
– Ашрап Шахдатұлы, аудан көлемінде салық төлеушілерден бақылау-кассалық машиналарды қолдануы қандай мақсатты көз­дейді?
– Онлайн бақылау-кассалық аппарат­тарын енгізу бір жағынан көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және бюджетке төленетін салықтардың өсуіне өз ықпалын тигізсе, екінші жағынан – кәсіпкерлерге салық органдары тексеру бақылау жұмыстарын қолдану кезінде, тәуекелдер деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Сонымен қатар тақырыптық тексерістер санын азайтуға көмектеседі. Ол қолма-қол есеп айырысуды нақты уақыт режимінде қашықтан бақылауды қамтамасыз етеді. Салық қызметкерлері есеп беру мерзімін күтпей-ақ кәсіпкердің табысы мен ол декларациялайтын кірісті үнемі салыстырып отырады. Деректерді жіберу функциясы бар кассалық-бақылау машиналарды енгізу арқылы кәсіпкерлердің кірісін азайтып көрсету немесе жасырып қалуының алдын алып, қазынаға түсетін салық көлемін арттыруға болады.
– Бақылау-кассаларды пайда­ла­ну қай уақыттан бастап қолданысқа енгізілді?
– 2016 жылдың басынан бастап 10 қыз­мет түрі бойынша, 2018 жыл­дан бастап онлайн БКМ қолдануға мін­дет­ті тұлғалардың тізбесі кәсіпкерлік субъ­ектілерімен 17 қызмет түрі бойынша толық­тырылды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап онлайн БКМ қолдануға көшудің соңғы кезеңі басталды.
Осы тұрғыда, аудан бойынша мем­ле­кеттік кірістер басқармасы біршама жұ­мыс­тар атқарып, салық төлеушілер ара­сында түсіндірме жұмыстарын жүр­гізуде. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметі ашық сауда базарларының (патент бойынша жұмыс істейтіндерден басқа) ау­мағында стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды 2019 жылдан бастап онлайн – БКМ (бақылау-кассалық машина) базарларда сауданы жүзеге асыратын бизнесмендер қолдануы тиіс, ал 2020 жылдан бастап бұл тізімді патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер, сондай-ақ, шаруа қожалықтары толықтырады.
– Ауданда бақылау-кассалық аппараттарды пайдаланушылардың саны қанша?
– Қазіргі уақытта ауданда тіркелген кассалар саны 497-і құрайды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметті патент негізінде жүзеге асыратын субъектілер және бірыңғай жер салығын төлеушілер онлайн БКМ қолданады. Бұл шамамен 843 салық төлеуші. Олардың 293-і бүгінгі күні бақылау-касса машиналарын қолданады. Осылайша бүгінгі күні 263 патенті барлар мен шаруа қожалықтар БКМ 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға міндетті.
– Мұның салық төлеушілер үшін жеңілдігі бар ма?
– Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне 85 онлайн кассаның үлгісі енгізілді, оның ішінде 15 модель БКМ-ға қойылатын заңнаманың барлық талаптарына жауап беретін және отандық әзірлеушілердің өнімі болып табылатын мобильдік құрылғыларда жұмыс істейді. Сондай-ақ салық төлеушілер үшін онлайн БКМ енгізу кезінде тіркеу рәсімі жеңілдетіледі. Енді кәсіпкерден мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен салық­тық өтініш беру талап етілмейді. БКМ он­лайн мәліметтері фискалдық деректер операторының сайты арқылы электронды түрде беріледі.

Сұхбаттасқан
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
31 желтоқсан 2019 ж. 1 150 0