Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық: биылғы меже қандай?

Салық: биылғы меже қандай?

Аудан экономикасының қарыштап дамуы­на да салық сала­сының өзіндік ықпалы мол. Өйткені мемлекеттің табысы салық­тан құралады. Осы саламен ауданда Мемлекеттік кірістер бас­қармасы айналысады. Басқарманың ағымдағы жылдың 11 айында атқарған жұмыстары туралы басқарма басшысы Н.Нұрсейітовпен сұхбаттасқан едік.
– Нұрлан Сайлауұлы, алдымен ау­данның бюджетіне салық пен басқа да міндетті төлемдердің түсім болжамы туралы әңгімелесеңіз?
– Ауданның жалпы жергілікті (аудандық) бюджетіне салық пен басқа да міндетті төлемдердің 2019 жылға түсім болжамы 4691615,3 мың теңге болып белгіленсе, бүгінгі күнге 4718687,6 мың теңге түсім түсіп, болжам 100,5 процентке орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен са­лыстырғанда өсу қа­рқыны 106,1 процентті құрайды.
2019 жылы респуб­ликалық бюд­­жеттің жы­лдық жос­пары 485 868,0 мың теңге болып белгіленсе, бүгінгі күнге бюд­жетке 464 640,0 мың теңге түсім түсіп, жыл соңына дейін жоспар 100,1 процентке орындалады деп күтілуде. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда түсім 246483,5 мың теңгеге ұлғайып, өсу қарқыны 202,7 процентті құрап отыр. Бас­қарма осы көрсеткіш арқылы аймақ аудандарының алдына шығып отыр.
– Салық төлеушілердің тіркелу жайы қалай болып жатыр?
– 2019 жылдың басынан бастап басқармаға 425 дара кәсіпкер тіркеліп, жалпы саны 2107 құрады. Осы дара кәсіпкерлердің ішінде 583 шаруа қожалық, оның ішінде арнаулы салық режимін қолданатын 556 шаруа қожалығы тіркелген.
Ауылдық округтер бойынша тіркелгені 1462, яғни жалпы кәсіпкерлердің ауылдық округтерде тіркелгендерінің үлесі 69,4 процентті құрайды. Аудандық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып дара кәсіп­керлерге салық заңдылықтарына енген өзгерістер туралы және табысын жасырып көлеңкелі экономикаға жол бермеу қажеттігі жөнінде тұрақты түрде семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер жүргізу жолға қойылған.
– Жүргізілген салықтық тексерулер жөнінде не айтасыз?
_– 2019 жылдың 11 айында 41 салық тек­­серулері жүргізілді, оның ішінде 10 тақы­рыптық, 2 қарсы тексеру, 11 жеке сұрақтар бойынша тематикалық және 18 рейдтік тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.
Жеке сұрақтар бойынша 18 тақырыптық тексерулер жүргізіліп, оның ішінде 17 жағдайда салық төлемгерінен заң бұзушы­лықтар анықталды. Арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) 4 салық төлеушіде заң бұзушылықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК 463 бабының 1 тармағы бойынша хаттама толтырылып, сотқа қарауға жолданды. Сот тарапынан 4 салық төлеушіге 176,8 мың теңге (44,2 мың теңгеден) айыппұл салынды. Сонымен бірге 8 салық төлеушіде бақылау кассалық машинасының болмауы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 166-ші бабының 1-ші тармағы бойынша заң бұзушылықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 284 бабы 1 тармағымен хаттама толтырылып «ескерту» әкімшілік шарасы қолданылды. 1 салық төлеуші Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 166 бабы 7-тармағының талаптарын бұзған, оған Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 284-бабының 7-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық шаралары бойынша хаттама рәсімделіп, «ескерту» әкімшілік шарасы қолданылды.
Бүгінгі күнге аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, такси қызметімен айналысушы тұлғаларға қатысты рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде 1 салық төлеушіге ҚР ӘҚБтК 463 бабының 1 тармағы бойынша хаттама толтырылып, сотқа қарауға жолданды.
– Бүгінгі таңда салық базасын ұлғайту – маңызды міндет. Осыған орай қосымша кіріс көздерін анықтау бағытында жүргізілген жұмыстарды атасаңыз?
– Салық базасын ұлғайту қосымша кіріс көздерін іздестіру мақсатында жүргізілген камералдық бақылау нәтижесімен жыл басынан 673 268,1 мың теңге түсім түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 109526,6 мың теңге, жергілікті бюджетке 563741,5 мың теңге.
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мә­ліметіне сәйкес, ауыл шаруашылығы да­қылдарын (күріш, бидай, арпа, жоңышқа және т.б) өндірушілерден 52 шаруа қожа­лықпен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде бүгінгі күнге осы шаруа қожалықтар бо­йынша жалдамалы жұмысшылар саны 25-ке көбейтілді. Тиісінше қосымша салық есептіліктерін тапсырып, салықтарын төлеу­де. Атап айтқанда, әлеуметтік салық (103101) бойынша қосымша 860,6 мың теңге түсім түсірілді.
Аудан көлемінде мемлекеттік кірістер басқармасына жолаушы және жүк тасымалымен айналысумен тіркелгендер бойынша бүгінгі күнге 14 жеке тұлға жүк тасымалымен, 35 тұлға жолаушы тасымалы (автобус, газель), 83 тұлға такси қызметін көрсетуші ретінде тіркелген. Оның ішінде жыл басынан бері жолаушы тасымалы бойынша 4 жеке тұлға (газель, автобус), 16 жеке тұлға (такси) жолаушы қызметімен тіркелген.
Субсидия, несие алып, салыққа жеке кәсіп­кер ретінде тіркелгендердің салық есептіліктеріне камералдық бақылау жүр­гізіліп, салық есептілігін нөлдік көрсет­кішпен тапсырып отырған жеке кәсіпкерлер анықталды. Атқарылған жұмыстар нәтиже­сінде, салық есептілігін нөлдік көрсеткішпен тапсырып отырған 252 жеке кәсіпкер бар. Бүгінгі күнге 53 салық төлеуші қосымша салық есептілігін тапсырып, 1 261,5 мың теңге қосымша түсім түсірді.
– Сіздердің жұмыстарыңыздың ма­ңыз­ды бір бөлігі – салық салу объек­тілерін анықтау. Осы жөнінде айтып өтсеңіз?
– Аудан аумағында сауда нүктелері бойынша халық көп келетін әрі табысы қомақты салық салу объектілерін анықтау әрдайым назардан тыс қалған емес. Соған сәйкес салық төлеушілер арасында кеңінен салық заңнамасына түсіндірме, әңгімелесу жұмыстарының арқасында көптеген нәтижеге қол жеткіздік.
«Үшінші тұлғалардың салық базасын қалыптастыру» бағытындағы жұмыстарды жандандыру, кәсіпкерлік мақсатта электр энергиясын, газ және су жүйесін тұ­тынған салық төлеушілерден басқа да тұлға­лардың мәліметтерін қамту арқылы ауданда ірі мөлшерде ауыз су пайдаланатын тұлғалардың, ірі мөлшерде электр кернеуін пайдаланушы тұлғалардың тізімін сұратып, «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының Сырдария өндірістік бөлімшесіне, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамына сұраныс хаттар жолданды. Бүгінгі күнге алынған мәліметтерге сәйкес, ауыз су көлемін ірі мөлшерде пайдаланып отырған тұлғаларға жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде 8 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркеліп (монша қызметі, кілем және автокөлік жуу қызметі), осы тұлғалардан жеке табыс салығына бюджетке 5,6 мың теңге, әлеуметтік салыққа 3,3 мың теңге түсім түсірді. Пайдаланылған электр энергиясының көлеміне сәйкес 3 жеке тұлға анықталып, бүгінгі күнге тіркету жұмыстары жүргізілуде. Сайып келгенде салық халықтың қазынасы болғандықтан біздің басты міндетіміз жылды табысты қорытындылау болып табылады.

Сұхбаттасқан
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
24 желтоқсан 2019 ж. 607 0