Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ ТҮСІНДІРІЛДІ


Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексін аудан кәсіпкерлеріне, салық төлеушілерге түсіндіру мақсатында кент мәдениет үйінде семинар-кеңес болып өтті. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Борыштармен жұмыс басқармасының бас­шысы Б.Ақжігітов, Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету бас­қармасының басшысы Г.Шортанбаева, Департаменттің Жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасының бөлім басшысы К.Стамбекова, Камералдық бақылау басқармасының бөлім басшысы Г.Темірова, Мемлекеттік кірістерді талдау бөлімінің басшысы А.Жүнісова қатысты.
Семинарды ашып, жүргізген аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов жыл сайын өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыратын Салық кодексін түсіндіру салық төлеуші мен салық органдары арасындағы әрекеттің тиімділігін арттыратынын айтты. Баяндама жасау- шылар әрбір сала бойынша тиянақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауалдарға жауап берді.
Мысалы, жаңа Салық Кодексінде төлемақылар бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мерзімінің өзгеруі қарастырылған. Сондай-ақ, «Бір терезе» қағидасы бойынша кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзартуды қолдану рәсімі жеңілдетілген. Бұл бойынша шешімді салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органы немесе төлемақылар төленген жердегі салық органы қабылдайтын болады.
Патент негізінде арнаулы салық режиміне енгізілген өзгерістер туралы айтсақ, жалдамалы қызметкердің еңбегін пайдаланбайтын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 300 еселенген мөлшерінен шекті табыстары аспайтын жеке кәсіпкерлер патент негізінде жұмыс жасай алады. Яғни патентті қолдану шарттары бұрынғы салық кодексінде де қолданыста болып, өзгеріссіз қалдырылған. Оңайлатылған салық режимі бойынша, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимі, кассалық бақылау машинасы, тіркеуге байланысты өзгерістер, қосылған құн салығы бойын- ша енгізілген өзгерістер, акцизделетін тауарлар бойынша өзгерістер т.б кең көлемде түсіндірілді.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы тақырыбына тоқталған сала мамандары биылдан бастап әлеуметтік салық мөлшері 9,5 пайыз, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 11 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Сонымен қатар осы уақытқа дейін салық мөлшерлемесі 4,5 пайызбен есептеліп келген мүгедектер жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар да әлеуметтік салықтан босатылады.

Б.ЖАНӘЛІ
20 қаңтар 2018 ж. 2 103 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 09:31
Levitra Orosolubile Torrinomedica Buy Zithromax No Prescription cialis prices Amoxicillin Merck Keflex 500 Mg Uti

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 10:42
Kamagra Edinburgh Cephalexin Or Cefalexin buy cialis online Liquid Amoxicillin