Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

«Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастырумен Тереңөзек кенті мәдениет үйінде «Жаңадан қабылданған Салық және Кеден Кодекстерінің ерекшеліктері, өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар өтті»,- деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов қатысып, салықтық базаны ұлғайту бағытында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 1-қаңтардан бастап қолданысқа енген Кодекстің артықшылықтары жөнінде кеңінен айтып өткен аудан әкімінің орынбасары жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер барлық саланы қамтитынын жеткізді.
Семинар барысында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  «Борыштармен жұмыс»  басқармасының басшысы Б.Ақжігіт, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Г.Шортанбаева, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасының бөлім басшысы К.Стамбекова, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық бақылау басқармасының бөлім басшысы Г.Темирова, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Мемлекеттік кірістерді талдау» бөлімінің басшысы А.Жүнісовалар сөз сөйлеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сала мамандары салық төлеушілердің, заңды және жеке тұлғалардың, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дәуітбекұлы семинарды ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

"ТТ"-ақпарат

12 қаңтар 2018 ж. 1 857 0