Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Игі іс – ізгілік бастауы» экоакциясы өтті

«Игі іс – ізгілік бастауы» экоакциясы өтті

Қызылорда қаласында «5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күніне» орай «Игі іс – ізгілік бастауы» атты экоакция ұйымдастырылды.

«Қарияға құрмет – біздің асыл міндетіміз» ұранын негізге алған бір топ қызылордалық жастар Қызылорда қаласындағы «Қарттар үйінің» аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Экоакция барысында жастар мекеме ауласын қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға белсенді атсалысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, аға буынға құрмет көрсету, қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Жастардың игі бастамасы қоғамдағы өзара көмек пен қамқорлықтың маңызын айқындап, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Таза орта – ортақ міндет, игі іс – ізгілік бастауы!
05 қыркүйек 2026 ж. 60 0