Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде

Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысын бақылады.

Қоғалыкөл ауылын газдандыру жобасының жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асыру үшін 2026 жылы республикалық бюджеттен бастауға 320 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Орда-Құрылыс» ЖШС жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 40,2 шақырым газ құбырын тарту және 4 газ реттегіш пунктін орнату көзделген.

Ал Шіркейлі ауылын газдандыру жобасының құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Аталған жобаға 2026 жылы республикалық бюджеттен бастауға 400 млн теңге қарастырылған. Бүгінде мердігер мекеме «Орда-Құрылыс» ЖШС тарапынан жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстары атқарылуда. Жоба бойынша 47,54 шақырым газ құбырын тарту және 3 газ реттегіш пунктін орнату жоспарланған.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде жүргізілуінің маңыздылығын атап өтіп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
22 қазан 2026 ж. 61 0