Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Партия белсенділері марапатталды

Партия белсенділері марапатталды

Жақында «Руханият орталығында» Сырдария ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының сайлауалды науқан кезеңіндегі жұмысы қорытындыланып, сенімді өкілдер мен партия белсенділерін марапаттау рәсімі өтті. Жиынға «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы қатысты.

Облыстық партия филиалының төрағасы Жандос Нұртайұлы жиынды ашып, сайлау науқанының нәтижелі өтуі ең алдымен бір мақсатқа жұмылған команданың үйлесімді жұмысына байланысты екенін атап өтті.

– Сайлауалды науқан барысында халықпен тікелей кездесулер өткізіліп, тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектері тыңдалды. Бұл – партияның елмен тұрақты байланысын нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды жұмыс. Сырдария ауданындағы штаб мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, белсенділік танытты. Еңбектеріңізге алғыс білдіремін. Бүгінде Сыр өңірінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Халықтың өмір сүру сапасы артып, барлық көрсеткіш бойынша аймағымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Нұрлыбек Машбекұлы негізін қалаған бастамалар облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының ұйытқы болуымен сәтті жүзеге асуда. Ең бастысы, ел-халықтың бірлігі бекем, бүгінгі күнге деген сенімі жоғары, – деді Жандос Нұртайұлы.

Өз кезегінде Сырдария аудандық сайлауалды штабының төрағасы Марат Омаров өз сөзінде сайлау науқанының штаб мүшелері үшін үлкен жауапкершілік жүктегенін айтты.

– Біз үшін басты міндет – партияның бағдарламасын халыққа дұрыс жеткізу ғана емес, тұрғындардың үніне құлақ асып, олардың ұсыныстарын назарға алу болды. Штаб мүшелері, сенімді өкілдер мен белсенді азаматтар бір команда болып жұмыс істеді. Әрқайсысы өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарды. Бұл – ортақ жұмыстың нәтижесі. Ең бастысы, халықтың сенімін ақтау үшін алдағы уақытта да елмен бірге жұмыс істеуіміз қажет, – деді Марат Омаров.

Жиында партия ардагері, аудандық сайлауалды штаб мүшесі Сансызбай Садуақасов та сөз сөйлеп, партия жұмысының негізінде халықтың сенімі мен ел мүддесіне бағытталған жүйелі еңбектің жатқанын атап өтті.

– Партияның бүгінгі жетістігі – бір күннің немесе бір науқанның нәтижесі емес. Халықпен етене жұмыс істеу, елдің мұң-мұқтажына құлақ асу – партия қызметінің негізгі бағыты болуы керек. Сайлауалды кезеңде азаматтармен кездесіп, олардың ой-пікірін тыңдау арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік алдық. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табуы тиіс, – деді Сансызбай Садуақасов.

Ал аудандық штаб мүшесі Жұмабек Ембергенов сайлауалды науқан кезінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, штаб мүшелерінің ауызбіршілігіне ерекше мән берді.

– Науқан барысында ауданның елді мекендерінде тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, партияның бағдарламалық бағыты түсіндірілді. Әрбір кездесудің өзіндік маңызы болды. Халықтың ұсыныстарын тыңдап, азаматтарды толғандырған мәселелерге назар аудардық. Бұл жұмыстардың барлығы үлкен команданың бірлескен еңбегінің нәтижесі, – деді Жұмабек Ембергенов.

Сайлау күні партияның бақылаушылары мен сенімді өкілдері сайлау учаскелерінде жұмыс істеп, өздеріне жүктелген міндеттерді атқарды. Өз кезегінде сайлауалды науқанды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысқан азаматтарға алғыс айтылып, партия төрағасы Айбек Дәдебайдың және облыстық партия филиалының төрағасы Жандос Базартайдың алғыс хаттары табысталды.

Сайлауалды штабтың жұмысы аяқталғанымен, халықпен тұрақты байланыс орнату, азаматтардың ұсыныстары мен талап-тілектеріне назар аудару, ел игілігі жолындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыру бағытындағы міндеттер өз жалғасын таба бермек.

«Тт» ақпарат

05 қыркүйек 2026 ж. 77 0