Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ

ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ

ІЗГІ ШАРАНЫҢ АТЫ АЙТЫП ТҰРҒАНДАЙ, БАЙҚАУ КЕНТ ПЕН БАРЛЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕГІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛДІ. ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ИЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРЫНЫҢ БАСТАУЫМЕН АСАЙ-МҮСЕЙЛЕРІН АСЫНЫП, ЕРТЕЛЕТІП ШАРА ӨТЕТІН №35 И.ТОҚТЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙГЕ КЕЛДІ.
Әр мектептен келген бейнелеу өнеріне бейім оқушылар тізімге алынып, шараны ұйымдастырушыларының бірі – аудандық білім бөлімінің әдіскері, мамандығы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі З.Білісбаева шәкірттерді сурет салатын арнайы сыныпқа кіргізді. Аудандық байқауға қатысуға тілек білдірген талапкерлер жиналып болғаннан кейін іс-шара басталды. Жас қылқалам иелері «Мәңгілік ел – Ұлы дала мұраты» тақырыбына сурет салып, Қазақстанның болашақта жоғарғы өркениетті дамыған ел болатынын бала қиялымен сезініп, өз ойларын ақ қағаз бетіне түсірді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, өнерлі оқушыларды қолдау мақсатында өткізілген байқау жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
Белгілі суретші, қолөнер шебері Абылай Сәрсенбаев байқаудың қазылар алқасына төрағалық етті. Бұл «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, талантты жас қылқалам шеберлерін анықтауға ықпал етті. Байқау қорытындысында бірінші орынды №42 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Фарида Ғабитқызы иеленді (жетекшісі Қ.Ахметова). Екі екінші орынды №129 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Бибіпатыма Маратқызы (жетекшісі Ж.Еспенбетова) мен №126 орта мектептің 5 сынып оқушысы Нұрайым Аралбай (жетекшісі Ж.Маханбет) өзара бөлісіті. Сондай-ақ үш үшінші орынға №139 орта мектептің 8 сынып оқушысы Жансая Төлеген (жетекшісі Н.Аханова), №36 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Сымбат Жармағанбетова (жетекшісі (Ә.Бәйменов) және №130 орта мектептің 8 сынып оқушысы Нұрай Тыныштықбай (жетекшісі К.Қожахмет) лайық деп танылды. Жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілері «Алғыс хатпен» марапатталды.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
09 ақпан 2019 ж. 2 549 0