Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТҰҒЫРЫМ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТҰҒЫРЫМ


Аудандағы №130 ортаа мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Ғани Қараевтың ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында ҚР-сы тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Тәуелсіз елім- тұғырым» атты әскери-патриоттық сайыс өтті. «Айбын» және «Жас қыран» болып екіге бөлінген оқушылар бірнеше кезең бойынша жарысты.
Салтанатты шараны алғашқы құттықтау сөзбен ашқан мектеп директоры Б.Әлиев білім ордасында ұйымдастырылып жатқан шараның маңыздылығына тоқталды. Одан кейін ардагер ұстаз Ж.Әбілдаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкері Е.Зейнуллаев сөз алып, жастарға патриоттық тәрбие беретін сайыс түрлерін ерекше атап өтті. Сайыстың бас төрешісі аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Үсенов болды. Сонымен қатар №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің АӘД пәнінің мұғалімі Е.Садықов, аталмыш білім ордасының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Рахманбердиевтер төрешілік етті.
Жарыс барысында оқушылар саптық дайындық, кермеде айналу, АК-74 бөлшектеу, жинақтау, тағы басқа кезеңдер бойынша сынға түсті. Сайыстың негізгі мақсаты оқушыларды төзімділікке патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. Сайыс нәтижесінде «Жас қыран» жеңіске жетіп, «Айбын» бөлімшесі екінші орынға ие болды.
Таңшолпан Кеңесова,
№130 Абай атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы
21 желтоқсан 2017 ж. 2 542 0