Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Архивтік анықтама берудің тәртібі

Архивтік анықтама берудің тәртібі

Архивтік анықтама – өткен тарих пен бүгінгі өмірарасындағы алтын көпір. Архивтік құжаттар арқылы біз тарихи оқиғаларды, еңбек жолын, ата-бабаларымыздың өмірі мен қызхметін танып білеміз. Ал осы құжаттарды халық игілігіне жаратып, азаматтардың сұранысына сәйкес қажетті мәліметтерді ұсыну – мемлекеттік архивтің маңызды міндеттерінің бірі.

Азаматтардың сұранымдарын орындау архив қызметінің негізгі бағыты болып есептеледі. «Сырдария аудандық архиві» филиалы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 18 қарашадағы №329 бұйрығын басшылыққа ала отырып "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуді жүзеге асырады.

Архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат.  
      
Архивтік көшірме – Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен толықтыру, сақтау, есепке алу және архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген, ресімделген, архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме.
     
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына "электрондық үкімет" www.egov.kz –веб-порталы арқылы жүгінеді.

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі. Аталмыш қызмет көрсету барысында азаматтарға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: еңбек өтілін, еңбек ақысының мөлшерін, жасы, отбасы құрамы, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, бас бостандығынан айыру орындарында болу,азаматтық хал актілер және мемлекеттік архивте сақталған өзге де мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама, архивтік құжаттардан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер береді.

   Архивке келіп түсетін сұратулар былайша бөлінеді:

1) белгілі бір проблема, тақырып, оқиға, факт бойынша ақпарат беру туралы сұратулар (тақырыптық сұратулар);

2) екі немесе одан көп тұлғалардың туыстығын, туыстық байланысын, отбасының тарихын, тегін анықтау үшін қажетті ақпарат беру туралы сұрату (генеалогиялық сұрату);

3) әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрату (жұмыс өтілі мен жалақы мөлшерін, жасын растау, отбасының құрамы, білімі, марапатталуы, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылғаны, ғылыми дәреже мен атақтар берілгені, жазатайым оқиғалар, емделуде, эвакуациялауда болғаны, қуғын-сүргін қолданылғаны туралы, ақталғаны туралы, әскери бөлімдер мен құралымдардағы қызметі, экологиялық апат аймағында тұрғаны, бас бостандығынан айыру орынында болғаны туралы, азаматтық хал актілері туралы сұратулар.

«Сырдария аудандық архиві» филиалы 2026 жылы 9 айлық есепте жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 835сұраныстарын мерзімінде орындалды. Оның ішінде 578 оң нәтижемен орындалды және аудандық архив құжаттардың сақталуына, сұраныстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына және тұрғындарға қолайлы қызметкөрсетуге ерекше мән береді.


Лаура СӘМЕНОВА,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві » КММ-нің
«Сырдария аудандық архиві» филиалының архивисті
Сурет: Meta AI көмегімен жасалған
26 қараша 2026 ж. 56 0