Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС



Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Шаған ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Күз ханшайымы мен ханзада- сы» атты байқау өткізілді. Байқау қатысушылары «Таныс болайық», «Би билейік», «Өнерлі өрге жүзер...», «Блиц-сұрақтарға жауап беру», «Тосын сый» сайыстары бойынша бақтарын сынады.
Байқауға мектеп оқушылары Қызжібек Бағдәулетова мен Әлішер Оңғарбай, Аружан Есілбай мен Бағдәулет Әлиев, Айару Бағдат пен Асқар Жақыпбек, Айша Амангелдиева мен Қайырбек Тынымбек, Нұрайым Әбілдаева мен Жангелді Ұзақбаев, Маржан Маханова мен Бекзат Әділханұлы, Аяулым Қайратқызы мен Исмаил Абдулвахидов, Жангүлім Құдайбергенова мен Оразбек Бағдат, Ділназ Бақбергенқызы мен Лесбек Сәрсенғалиұлы қатысты. Оқушылар сайыс талаптары негізінде алғашқы кезеңде өз жұптарын таныстырды. Екінші кезеңде жұптық вальс биледі. «Өнерлі өрге жүзер...» сайысында кино, мульт­ фильмдер мен ертегілерден алынған әндерді орындады. Төртінші сайыста оқушыларға білім деңгейлерін айқындау мақсатында түрлі сұрақтар қойылды. Соңғы кезеңде әр жұп үй тапсырмасы ретінде тосын сыйлар жасап әкелді.
Байқау қорытындысында әділқазылар мен көрермендер дауыс беру нәтижесінде жұптар арасынан Маржан Маханова мен Бекзет Әділханұлы «Күз ханзадасы мен ханшайымы» деп анықталды. Барлық сайыскерлерге арнайы Дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Б.ОРДАБЕКОВ
09 желтоқсан 2017 ж. 2 045 0