Жолдаудағы маңызды бастамалар талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген міндеттер мен ел дамуының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында «Тоқтыбаев» бастауыш партия ұйымында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында ақпараттық топ өкілдері Жолдауда белгіленген негізгі міндеттерге тоқталып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар туралы баяндады.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру мәселелері сөз болды.
Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Ақпараттық топ мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, Жолдауда көзделген міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын түсіндірді.
Кездесу қорытындысында елдің өркендеуі жолында әр азаматтың белсенділігі мен ортақ жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.










