Жолдаудағы маңызды бастамалар талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген міндеттер мен ел дамуының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында «Білім» бастауыш партия ұйымында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында ақпараттық топ өкілдері Жолдауда белгіленген негізгі міндеттерге тоқталып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар туралы баяндады.
Атап айтқанда, білім беру сапасын арттыру, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, педагогтердің мәртебесін көтеру, жастарды қолдау және адами капиталды дамыту мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларындағы өзекті бағыттар да назардан тыс қалмады.
Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Ақпараттық топ мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, Жолдауда көзделген міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын түсіндірді.
Кездесу қорытындысында елдің өркендеуі мен білімді ұрпақ қалыптастыру жолында әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігінің маңыздылығы атап өтілді.









