Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысының жолдауы – ел дамуының жаңа бағыты

Мемлекет басшысының жолдауы – ел дамуының жаңа бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген маңызды міндеттер мен ел дамуының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында «АКЗ ЛТД» бастауыш партия ұйымында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ақпараттық топ өкілдері Жолдауда белгіленген негізгі міндеттерге тоқталып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар туралы баяндады.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту, өндіріс орындарын қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, жастардың әлеуетін арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, еңбек адамдарының жағдайы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларға назар аударылды.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ақпараттық топ мүшелері қойылған сауалдарға жауап беріп, Жолдауда көзделген міндеттердің маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу соңында қатысушылар ел дамуы жолындағы ортақ міндеттерді жүзеге асыруда әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екеніне тоқталып, өзара пікір алмасты.

26 қараша 2026 ж. 18 0