РУХАНИ ӘУЕН ӘЛЕМІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай, Сырдария ауданының Айдарлы ауылында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі «Рухани әуен әлемі» атты концерт қойды.
Бұған дейін облыстық филармония ұжымының өнерпаздары «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде облыстың шалғай ауылдарында да болып, концерттік шаралар ұйымдастырды. Айдарлы ауылындағы концерт сол шараның жалғасы іспетті.
«Рухани әуен әлемі» концертін «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Нұрбай Нұрғиса салтанатты түрде ашып, ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдіріп, тамаша кештің куәсі болуға шақырды.
Мұнан кейін туған жерге деген сағыныш пен махаббатты ән-жырмен жеткізген «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі «Балбырауын», «Тентек ақжеткен», «Қара жорға», «Жайма қоңыр», «Көрұғлы» күйлерін, халық әндерінен топтама «Жыр шашу», Иосиф Тамариннің «Куба халқының биі», Иоган Брамстың «Венгр биі» мен Мұрат Сыдықовтың «Мұраттың төкпесін» нақышына келтіре орындады. Сонымен бірге танымал өнерпаздар Е.Әбдіразақов, Б.Төлеубаев, Б.Қарғабаев ән-жырдан шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Ауыл тұрғындары әсерлі кеш сыйлаған өнер ұжымына алғыстарын білдірді.
Сара АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы».
«Сыр бойы».