Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » ЖАҢА МУЗЕЙГЕ – ЖАҢА ЖӘДІГЕР

ЖАҢА МУЗЕЙГЕ – ЖАҢА ЖӘДІГЕР


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру бағытында Сырдария ауданының мектептерінде тиісті жұмыстар атқарылды.
    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – табысты ел болуымыздың, ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
    Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында туған жердің қадірін біліп, ондағы алып та заңғар тұлғаларды жастарға үлгі етуді, олардың ерен еңбектерін насихаттауды жүктеді.
    «Туған жер» бағдарламасы аясында аудандық мұражай қызметкерлері жаңа «Еңбек даңқы» музейіне экспонат жинақтау мақсатында «Жаңа музейге – жаңа жәдігер!» атты жобасын ұйымдастырды. Жобаны жүзеге асыру барысында облыстық және қалалық мұрағатқа, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және ауылдық округтерге іссапарға шығып, аудан тарихы мен оның құрылған уақытынан бастап елге қызмет еткен еңбеккерлердің, өңір тарихында аты қалған тұлғалардың фотосуреттері, тарихи құнды құжаттары мен жеке қолданыстағы тұтынған заттарын және Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы аясында түрлі сала бойынша атқарылған игі істер жайлы ақпараттар жинақталуда. Бүгінгі күнде осы жоба аясында жинақталған материал саны 500-ден асты және әлі де жұмыстар жүргізілуде.
    Айта кетейік, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қорында қазіргі күні 9305 жәдігер бар. Оның 5647-сі негізгі қорға (құнды), 3658-і көмекші қорға тіркелді. Алдағы уақытта осы жоба арқылы жинақталған материалдар негізінде аудандық музей жанынан «Еңбек даңқы» залы ашылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ел игілігі үшін қызмет жасаған еңбек адамдарын танытатын болады.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 524 0