Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Дәуірдің жарық жұлдызы

Дәуірдің жарық жұлдызы

Ел кітапханаларында «Бір ел – бір кітап» акциясы жүзеге асырылуда. Оның барысын­да қазақ әде­­биеті­нің көрнекті өкілдері мен ұлт зия­лыларының өмірі мен шығар­машылығы жастарға наси­­хатталады. Атал­ған ак­ция аясында аудандық орта­лық кітапханада қа­зақ­­тың біртуар перзенті, қазақ әде­биетінің көрнекті өкі­лі А.Бай­тұрсынұлының шығар­машылығына ар­нал­­­ған «Қа­зақ халқының ұлы көсемі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Әдеби кеште кітапханашылар А.Байтұрсынұлын қа­зақ халқы қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әде­биет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағар­­тушы ретінде жақсы білетін атады. Мәдени іс-шарада кітап­ханашылар сан-салалы ақын шығармашылығын тарқа­тып, бірнеше өлеңдерін жатқа оқыды.

«Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде ағартушы ға­лым­ның өмірі мен шығармашылығына байланысты Н.Ілия­сов ауылдық модельді кітапханада да іс-шара өт­кізілді. Мұнда кітапхананың тұрақты оқырмандарына ұлт зиялысының туған халқы үшін атқарған еңбегі дәріп­телді. Нағилық мектеп оқушылары жазғы дема­лысқа шықса да кітапханамен байланысты үзбей, ақын жырларын жатқа оқыды. Ауыл кітапханашысы С.Найзатаева «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесімен таныстырды.






«ТТ» ақпарат
11 маусым 2022 ж. 755 0

Ұқсас жаңалықтар: