Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Поэзия марафоны

Ақжарма ауылдық модельді кітапханасы қазақтың көрнекті ақыны Ә.Тәжібаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында ұйымдастырылған «Әдебиетіміздің асқар тауы» атты поэзиялық марафонның жыр көшін Ақжарма ауылдық почта байланыс бөлімшесі және «Бөбекжай» бала бақшасына бұрды.

Мәдени шарада кітапханашы мен кітапхананың тұрақты оқырмандары Еркенұр Тәттімбетқызы мен Гүлфайруз Нұрмаханова ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Почтаға келушілер мен қызметкерлері және «Бөбекжай балабақшасының ұжымы ақынның шығармашылығымен танысты.

Шара барысында көше көрмесі ұйымдастырылып, келушілер ақынның кітаптарын оқыды. Ауыл кітапхананышысы «Үлкен жүректі ақын» атты кітап көрмесімен таныстырып, тілге орамды, жүрекке жылы тиетін ақын өлеңдерін алып оқуға шақырды.

Ия, ақын өзі өмірден өтсе де, өзінің өміршең өлеңдерінің арқасында ешқашан туған жерден тамырын үзбейді.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ

09 қыркүйек 2019 ж. 1 105 0