Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда
Аудан орталығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түнгі рейдтік жұмыстар жалғасуда.Профилактикалық жұмыстар барысында жастар көп шоғырланатын орындар, орталық және шеткі көшелер, сауда нысандары қамтылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне және көлік құралын басқаруына жол бермеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Ата-аналарға жасөспірімдердің беймезгіл уақытта жүрмеуін бақылауда ұстап, олардың жолдағы қауіпсіздігіне жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Жасөспірімдердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы – олардың өз қауіпсіздігімен қатар, жолдағы өзге де азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін маңызды.
Айта кету керек, мұндай рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табуда. Барша ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырамыз.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










