СЫРДА ТУҒАН ТАЛАНТТАР
Бұрнағы күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ел басы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру хани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Өлке болып оқимыз» жобасы негізінде жергілікті ақын Қуаныш Баймағамбетовке арналған «Сырдан маржан терген ақын» тақырыбында поэзия үні, «Дауыстап оқу» жобасы шеңберінде «Жырларымнан аңқиды, туған жердің жусаны» атты танымдық шаралар өткізілді. Шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас ма маны Е.Утебаев, аудандық орталық кітапхананың ди ректоры Г.Нұржакиева, сала мамандары мен мектеп оқушылары қатысты.
Шарада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Утебаев сөз сөйлеп, аталған шаралардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жыл бойына жергілікті ақын Қуаныш Баймағамбетовтің шығармашылығын жергілікті халыққа дәріптеудің мақсатын түсіндірді. Бұдан кейін кітапханашы айтулы ақынның өмір жолына арналған кітап көрмесін таныстырды. Мектеп оқушылары ақынның шығармашылығынан өлең оқыса, өмір жолы мен жеткен жетістіктері жайлы кітапханашы баяндады. Арнайы слайд арқылы ақын өмірінен мол мәліметтер келтірілді.
Ал «Дауыстап оқу» жобасының «Жырларымнан аңқиды, туған жердің жусаны» атты кеште туған жер топырағынан түлеп ұшқан ақындардың өлеңдерін мектеп оқушылары жатқа айтты. Жергілікті ақындардың шығармашылығын дәріптейтін кітап көрмесінде мол мұраларымыз барынша көрсетілген. Сыр перзентерінің тырнақ алды туындылары қойылып, оқырманға ұсынылды. Аудандық орталық кітапхананың директо ры Г.Нұржакиева аталмыш жобалардың аудандық орталық кітапханада бастау алғандығын, жыл көлемінде мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.
Елбасы мақаласынан туындайтын басым-бағыттарды наси хаттауға негізделген рухани мұраларымызды, әдебиетімізді, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын дәріптеу айрықша мәнге ие. Осы ретте айтпағымыз, сала мамандары алдағы уақытта Қуаныш Баймағамбетовтің шығармашылығын жұртшылыққа кеңінен насихаттауды мақсат етіп қойған.
Б.Ордабеков,
А.Қалиева
А.Қалиева