ҚАЗАЛЫДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ АРТПАҚ
Бүгінде Қазалы ауданында тұрғын үйге мұқтаж 600-ден астам адам кезекте тұр.
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасымен 6 көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта қала мен кент аралығынан тағы да тұрғын үйлер салу жоспарда бар. Қазір «ОРДА» жол картасы бойынша ұзақ мерзімді несиемен тұрғын үй алғысы келетін азаматтардың тізімі жасақталуда.
Бұл біріншіден, жер кезектілігін азайтса, екіншіден, тұрғын үй бойынша да өтініштердің санын төмендетуге мүмкіндік бермек.
Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен 323 млн. теңге бөлініп, 100 жас маман тұрғын үй сатып алды. 2018 жылға осы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алу үшін 182 млн. теңге қаржы қаралып отыр.