Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРМЕК

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРМЕК


Қашанда тұрғындарды, ең бірінші­ден, баспана мәселесі алаңдатады. Себебі, үйі жоқтың күйі де болмайтыны әуелден белгілі. Сондықтан өлең айтса да өзінің лашығында қамсыз әуендеткенді қалайды халық. Бағзы бір замандағы Жиренше шешеннің хан сарайында тұра алмай, өз лашығына келіп: «Ай-хай, өз үйім, кең сарайдай боз үйім» дейтіні де сол әркімнің өз «лашығы» яки, өз баспанасы болғанға не жетсін» дегенге меңзейді. Осы орайда, қарапайым халықтың үй салуға немесе оны сатып алуына қалтасы көтермейтін тұсы тағы бар. Әйткенмен, жұртшылықтың жоғын түгендеуге келгенде мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соның негізінде, аудан төңірегінде де тұрғындардың баспаналы болуына барлық жағдай жасалуда. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер секілді аудан орталығында да көпқабатты үйлер салынбақ. Заманауи талаптарға сай келетін көп қабатты тұрғын үйлер құрылысының іргетасы үстіміздегі жылы қаланатынын есепті кездесулерде аудан әкімі Ғ.Қазантаев сүйін­шілеген болатын.
Тереңөзек кентінің А.Иманов және Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұр­ғын үй кварталы құрылысының ин­фра­құрылымын бастауға өткен жылы республикалық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда қата­рынан түсетін көпқабатты тұрғын үйлер үй кезегінде тұрған жандардың қоныс тойын тойлап, баспаналы болуы­­на септігін тигізбек. Атап айтқанда, тұрғын үй кварталынан 3 қабатты 9 тұрғын үй салыну жоспарлануда. Ол үшін осы жылы республикалық бюджеттен 388,9 млн. теңге қаржы бөлініп, 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлер салынып, 42 пәтер пайдалануға берілетін болады.
Оған қоса, облыс әкімі ауданға іс­сапарында бұл жерден тағы да көп­пәтерлі тұрғын үйлердің бой кө­те­руіне қолдау білдірді. Соның нәтижесінде, №3, №4 көпқабатты тұрғын үйлермен қатар 18 пәтерлі №1 және 24 пәтерлі №2 тұрғын үйлер салынбақшы. Мұны да республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мәселесі оң шешімін тапқан. Осылайша, аудан орталығында барлығы 84 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, ауданда баспана мәселесі реттілігімен шешімін таппақ.

Е.БЕРКІНБАЕВ
30 қаңтар 2018 ж. 1 976 3

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 17:13
Lowest Canada Pharmacy Prices Cialis Generico 5 Mg Prezzo Levitra 20 Mg cialis 5mg best price Il Cialis E Mutuabile Stendra Pharmacy Amoxicillin Symptoms

Гость JeaOrer от 3 наурыз 2019 22:48
Propecia Work Achat Kamagra Oral Jelly Trouver Levitra Sans Ordonnance levitra online pharmacy in usa Ronidazole Baclofen En Ligne Lioresal Novartis

Stevnohope от 8 мамыр 2019 14:51
Voveran Is It Available In The Us online pharmacy Paroxetina Anafranil Vendita Cialis Senza Ricetta Cialis E Pericoloso