БИЫЛ СЫРДАРИЯДА 84 ПӘТЕРЛІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Сырдария ауданында 2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі бірнеше есеге ұлғайып, дұрыс үйлестірілген жұмыстардың нәтижесінде 12,7 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға, ал 2013 жылмен салыстырғанда 47,8 пайызға дейін артты. Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерекесі күні аудан орталығында 10 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінгі күні аудан бойынша 342 адам тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне алынып, тұрғын үй кезегінде тұр. 2017 жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен Тереңөзек кентінің А.Иманов және Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысының инфрақұрылымын бастауға 110 млн.теңге бөлінсе, 2018 жылы 185 млн.теңге бөлінді. Аталған тұрғын үй кварталына 3 қабатты 9 тұрғын үй салынады деп жоспарланған. Оның ішінде 2018 жылы республикалық бюджеттен 297 млн.теңгеге 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлер салынып, 42 пәтер пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Сырдария ауданына жасаған іс сапарында қосымша 18 пәтерлі №1 және 24 пәтерлі №2 тұрғын үйлердің құрылыс жүргізілетін болды. Жалпы, 2018 жылы аудан орталығы Тереңөзек кентінде 84 пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.