Өрісі кең өзек
Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты нақты тапсырмалар беріп келеді. Биылғы жаңа Жолдаудан ел-халық мемлекеттің дамуына әкелетін,экономикалық өсімді қамтамасыз ететін мәселелерді көрді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауды да аудан тұрғындары жақсы қабылдады.
Өткен өмірден жаңа дәуірге көшу айқын көрініс тапқан Жол- дауда «цифрлық дәуір» жылы туралы кеңінен айтылған. Қазіргі өркениетті заманда ақпараттандырудан бастап, өндірісті өркендету цифрландырумен байланысты. Жеке шағын кәсіпкерлікті қол дау мен құрылыс қарқынын дамыту жан-жақты қамтылған. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту зейнетақы мен жәрдемақыны өсіру, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жала қысын арттыру баршамыздың көңілімізді бір серпілтті.
Үстіміздегі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ауылдық округ тердің дербес бюджеті болады. Бұл дегеніміз ауыл халқының өз қалтасынан төлеген мүлік, автокөлік, жер салығы, т.б. салықтың қайда жұмсалатынын білетін болады деген сөз.
Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндетін қойды. Соған сай бәсекеге қабілетті болу маңызды. Ол үшін терең білім, озық технология қажет. Жоғары дамудың көкжиегіне беттеген еліміздің келешегі өрісті бастамалармен құнды.
Мұса КЕЛДІБАЙ,
Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы
Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы