НАҒИЛЫҚТАР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі С.Нұрмағанбетов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын ауыл тұрғындары мен ұстаздар арасында талқылады.
Кездесуде ауыл әкімі ақпараттық технологияның күн санап жетілуіне байланысты барлық салада цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. Сондай-ақ негізгі 10 міндетке тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт». Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетінін, ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, білім беру жүйесін дамыту, заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес секілді міндеттемелер ауыл тұрғындарына түсіндірілді.
Кездесу барысында мектеп директоры І.Анафияев, мектеп директорының орынбасарлары К.Темірнұров пен М.Тәутен, ұстаз Б.Шынымовалар өздерінің пікірлерін білдіріп, Жолдауды қолдайтындықтарын айтты.