ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Амбулаториялық - емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мырзағалиева Нұржамал Жұмағалиқызының қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын аудандық аурухана қызметкерлері талқылады.
Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт». Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетінін, ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің сапасын көтеру, қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, онкологиялық аурулардың алдын-алу жұмыстарын белсендету, медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы қайта даярлаудан өткізілуі секілді міндеттемелер медицина қызметкерлеріне түсіндірілді. Кездесу барысында ақ халатты абзал жандар өздерінің пікірлерін білдіріп, Жолдауды қолдайтындықтарын айтты.

Пікір 7