Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «ОСЫ ДАРХАН БОЛЫП ЖҮРГЕН МҰҚАШ ЕМЕС ПЕ»

«ОСЫ ДАРХАН БОЛЫП ЖҮРГЕН МҰҚАШ ЕМЕС ПЕ»

Мұхаң баспаханада басшы болып тұр­ған кезде қолы бос, іші пысып отырып, теле­фонмен екі шалды әуре сарсаңға салып, жиі-жиі шатастырады екен. – Алло, Тереңөзек аудандық газеті ме, бұл облыстан «Ленин жолынан» ғой. Жедел екі материал ертеңгі нөмірге, қаламақысы жоғары болады, – дейді. Екі шалдың ортасында бір телефон, екі жақтан мақалаларын бере бастайды.
– Шырағым атың кім? (Сұлтекең пысық, қулау кісі)
– Дархан Сапаровпын, – дейді Мұхаң.
– Айналайын, Дархан-жан, мен бір үлкен мақала жіберіп едім, ауыл шаруашылығы бөліміне, соны өзің бақылашы, – дейді.
– Шығады, аға шығады ертеңгі нөмірге. Мына екі материал да салынады.
– Ертеңіне екі шал поштаға барып, кезекті нөмірді асыға күтіп, алып қараса жоқ. Келесі күні, арғы күні де сол. Сонда Сұлтекең “Осы Дархан болып жүрген Мұқаш емес пе”, – дейді екен Баймаханға қарап.
Мүсілім ҚАЛМҰРАТҰЛЫ
03 сәуір 2019 ж. 1 444 0