Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰЛ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ – СОҚЫР, ЗАВУЧЫ – ҚОТЫР, МҰҒАЛІМІ ШОПЫР

БҰЛ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ – СОҚЫР, ЗАВУЧЫ – ҚОТЫР, МҰҒАЛІМІ ШОПЫР

Аудандық газетте қөп жылдар бойы қызмет еткен ағалардың әзіл-қалжың әңгіме­лерін аңсап, кейде ойымызға түсіріп, күліп алатын кездеріміз бар. Сұлтан Қожаниязов ағамыз әскерден жарақат алап келген соң «Шандайкөл» деген ауылдағы бастауыш мектепке орынбасар болып барыпты. Білімі төрт сыныптық. Соғыс кезі, мұғалім тапшы. Мектеп дирекеторы да жеті сыныптық білімі бар, бір көзі жоқ кісі екен. Сұлтекеңнің беті қотыр, ал мұғалімнің үш сыныптық білімі ғана бар шопыр жігіт екен. Облыстан тексеруші келіп, мектепке соқса сырты құлыптаулы, ішінде балалар шулап, алысып жүрген көреді. Ал үшеуі ауылдағы дүкенде күнделікті дағдысы бойынша бас жазып жүр екен.
Тексеруші түстен кейін үшеуін тауып алып, аудандық білім бөліміне әкеліп, жиналысқа салады. Жұмыстарынан босатуды талап етеді. Сонда Сұлтекең тұрып – “Шырағым-ау, бұл мектептің директоры – соқыр, завучы – қотыр, мұғалімі шопыр болған соң, бізден не күтесің, кешір” деген екен. Сол сөзбен бұлар орындарында аман қалыпты.
Мүсілім ҚАЛМҰРАТҰЛЫ
03 сәуір 2019 ж. 904 0