Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "СЫР ЖАНАШЫРЫ" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ МАҚСҰТ ӘБІЛДАЕВ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

"СЫР ЖАНАШЫРЫ" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ МАҚСҰТ ӘБІЛДАЕВ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сәкен Сейфуллин ауылдық округіндегі №137 орта мектебінің ұйымдастыруымен жақында ғана "Туған жерге тағзым" форумында "Сыр жанашыры" номинациясының иегері атанған Мақсұт Әбілдаевпен кездесу өтті.
Іс-шара Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел форматында өткен кездесуді №137 орта мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Бағдат Есназар ашып, жүргізіп отырды.
Кездесу барысында Туған жерге қызмет етудің мәні мен маңызы туралы кеңінен айтылды. Кәсіпкер ретінде өзінің туған ауылының дамуына қосып жатқан үлесі жөнінде айтқан Мақсұт Әбілдаев оқушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында орта мектеп оқушылары "Сыр жанашыры" номинациясының иегерімен естелік суретке түсті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
04 желтоқсан 2018 ж. 868 0