Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

"АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ


Сырдария ауданында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алу бағытында мектеп оқушылары арасында көптеген игі іс-шаралар өтуде.
Аудандағы аграрлы-техникалық колледжінде және барлық мектептерде аудан әкімдігінің бастамасымен дөңгелек үстелдер, құқықтық оқытулар, кездесулер және шығармашылық байлаулар ұйымдастырылуда.
Мәселен, аудан орталығындағы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің "Адал ұрпақ" мектеп клубының мүшелері "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге "Адал ұрпақ" мектеп клубының мүшелерімен қатар ұстаздар, оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында мектеп-лицейдің оқушылары сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері көп екенін ортаға салып, өз ойларын білдірді.
Ұстаздар қауымы оқушыларды жемқорлық көріністерінен аулақ болуға шақырып, "Өзгерістерді өзіңнен баста" жобасының мәні мен маңызы туралы әңгімеледі.
Дөңгелек үстел соңында "Адал ұрпақ" мектеп клубының мүшелері осы тектес іс-шараларды алдағы уақытта тұрақты түрде өткізу туралы ұсыныстарын жеткізді.
03 қараша 2018 ж. 2 889 0