Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 5 газет

21 қаңтар 2025 ж.

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ


Өлке тарихына қанығып, көнеден келе жатқан шежірелі мұрамызбен, құнды жәдігерлерімізді қастерлеу парыз. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалының бастамасы негізінде бұрнағы күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы мен «Тарлан тарих тағылымы» жобасы аясында «Өлкемізді танимыз» тақырыбында аудан мектептерінің белсенді оқушылары және «Адал ұрпақ» ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.
Шара барысында оқушылар аудандық музей қорындағы тарихи жәді­герлермен танысып, Сыр өңірі мекен еткен тұлғалардың тұтынған құнды дүниелері туралы мәлімет алды. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов, музей қызметкері С.Қуандықова жасөспірімдерге партияның жобасы туралы баяндады. Сондай-ақ, «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы туралы белсенді жастар өз ойын жеткізді.

«ТТ»-ақпарат
20 қазан 2018 ж. 1 199 0