Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ - МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ»

«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ - МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ»



«Туған ел» ұғымы адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе де елін, туған өлкесін сағынбаған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін перзенттеріміз кеңінен дәріптеп жүргені анық. Музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен, ал ақындар еліне, жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен өрнектеген десек артық айтқандық болмас. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» жобасын іске асыру идеясы туындап, «Мектебіме тағзым» акциясы Ақжарма ауылы, №130 Абай орта мектебінде өтті.
Акцияның мақсаты республикамыздың түпкір-түкпірінде білім, ғылым, мәдениет саласында қызмет атқарып, елімізге танымал болған азаматтарды мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастыру. Осы игі іс-шараға өз мектебінен түлеп ұшқан Қорқыт ата университетінің ұстаздары, Ақжарма ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Сқақов, сала мамандары, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Әбілдаев, ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, оқушылар шақырылды.
Кездесу барысында экономика ғылымдарының магистранты, технологиялар факультеті деканының орынбасары Айболат Жүсіпов, педагогика және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының канди- даты Манат Жайлауова сөз алып туған жерге, мектебіне деген ыстық лебіздерін жеткізді.
Кездесу кешін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Сайлауқызы қорытындылап, шараның мән-мағынасын айтып, қонақтарға өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар мектеп оқушылары патриоттық әндер орындады.
Рабиға Баекеева,
Ақжарма ауылы
09 желтоқсан 2017 ж. 2 813 0