Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АГРОНОМ КӨЛІК МІНДІ

АГРОНОМ КӨЛІК МІНДІ

"Алтын дән – 2018" мерекесі аясында аудан әкімі Ғ.Қазантаев ауданның ауылшаруашылық саласының озаттарын марапаттады.
Егінжай ерлерінің адал еңбегі көпшілікке үлгі екенін айтқан аудан басшысы еңбеккерлердің ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына табыс тіледі.
Еңбек озаттарының қатарында "Бесарық" ЖШС аграномы Кенжебек Анапияевқа жеңіл автокөлік кілті табыс етілді.
Кенжебек Анапияев өзінің мол тәжірибесін шаруашылықтың дамуына арнап, әріптестерінің күріштен мол өнім жинауына айрықша үлес қосуда.
Ол ұзақ жылдар ауданның бірқатар ауылдарында жемісті еңбек еткен білікті маман. Бүгінде "Бесарық" ЖШС-нің білікті аграномы ретінде жемісті жұмыс жолын жалғастыруда.
Дала еңбеккері "Алтын дән – 2018" мерекесі аясында еңбегін еліп, ерекше құрмет көрсеткен аудан әкіміне шынайы ризашылығын білдірді.
01 қараша 2018 ж. 1 325 0