АУДАН ӘКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ МАХАНБЕТ БЕРЖАНОВТЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін аудан әкімі Ғанибек Қазантаев Ұлы Отан соғысының ардагері, сырдариялық майдангер Маханбет Бержановтың шаңырағында болып, соғыс және еңбек ардагерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ардагерге мерекелік Құттықтау хатын және арнайы әзірленген сыйлықтарды табыс етті.
– Біз Тәуелсіздікке ардагерлердің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі жетістігіміздің барлығында алдыңғы буын өкілдерінің үлесі бар. Сондықтан мерекеде соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтау – біздің парызымыз. Жаңа жыл мерекесі жаңа бақыт, жаңа жетістік алып келсін!,- деген аудан басшысы майдангер М.Бержановқа зор денсаулық, отбасына амандық тіледі.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ерекше құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыс айтқан соғыс және еңбек ардагері М.Бержанов ақ батасын берді. Атқарушы билік өкілдерінің жұмысына жеміс тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.