Бронх демікпесі мектебі: Емделушілерге жан-жақты ақпарат берілді
Сырдария аудандық емханасына қарасты Жалпы тәжірибелік бөлімшесінде «Бронх демікпесі мектебі» аясында емделушілерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.Кездесу барысында бөлімше меңгерушісі Үмбігүлсім Жанақұлова бронх демікпесінің пайда болу себептері, аурудың белгілері, оның алдын алу жолдары, тұрақты ем қабылдаудың маңыздылығы және дәрігердің ұсынымдарын бұлжытпай орындаудың қажеттілігі жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.
Сонымен қатар, қатысушыларға ингаляторды дұрыс пайдалану тәсілдері көрсетіліп, ауруды бақылауда ұстаудың тиімді жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Кездесу соңында емделушілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан қажетті кеңестер алды.










