Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Ұстаздар мерекесі қарсаңында ауданның білім беру саласында жемісті еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева ұлағатты ұстаздарды аудан әкімінің атынан мерейлі мерекесімен құттықтап, білім саласының дамуына қосқан айрықша үлестері үшін алғысын білдірді.
– Ұстаз – ұлы ұғым, ұлағатты есім. Халқымызда «Ұрпақ болашағы – ұстаздардың қолында» деген тағылымы мол сөз бар. Яғни, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін мұғалімдер – мектептің жаны, руханияттың шамшырағы, білім мен ғылымның жанашыры. Сіздерді аудан әкімінің атынан шын жүректен құттықтаймын және дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін,- деді бөлім басшысы құттықтау сөзінде.
Кәсіби мереке аясында ұйымдастырылған іс-шарада ардагер ұстаздар сөз алып, құрмет көрсеткен ауданның атқарушы билік өкілдеріне, білім саласының басшылығына ризашылықтарын білдірді.
04 қазан 2018 ж. 3 020 0