Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕР-ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕР-ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ


Бүгін Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев ұзақ жылдар білім беру саласында жемісті еңбек еткен Зоя Алданқызын Жаңа жыл мерекесіне орай арнайы құттықтады.
Аудан басшысы Ғанибек Қонысбекұлы «Ұстаздардың ұстазы» атанған Зоя Алданқызына мерекелік лебізін білдірді. 2017 жылды аудан табысты қорытындылап отырғанын айтып, көш басындағы ауданда келесі жылы да жасампаз жобалар жүзеге асатынын жеткізді. Сонымен бірге, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары екенін атап өтті. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенов ардагер-ұстазға зор денсаулық тіледі. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мереке қарсаңында зор құрметке кенелген ақ жаулықты ана аудан әкіміне шынайы алғысын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
30 желтоқсан 2017 ж. 2 033 0